Басты

Қазақстан The Guardian оқырмандары ұнатқан туристік ел қатарында

Қазақстан The Guardian басылымының оқырмандары саяхаттауға кеңес берген елдер қатарына кірді. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Сонымен қатар Ұлыбритания басылымының тізімінде Шотландия, Украина, Қырғыз Республикасы, Мавритания, Грузия мемлекеті бар.

Бұған дейін қазақ жеріне саяхаттап келген Скотт Страчан есімде оқырман былай депті: «Біз Жаңа 2021 жылдан зор үміт күтеміз. Əлемдік вакцинация шексіз еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

Өз басым 2019 жылы бастаған көне Жібек жолы бойындағы елдерді аралауды жалғастырамын. Қытайдағы Қашқар жерінен бастап, Алматы, Бішкек, Самарқандқа жалғасқан сапарымды осы жылы Тегеранға сосын Бакуге барып тəмамдауды жоспарлап отырмын».

Айта кетейік, жақында Францияның Le Figaro басылымы Қазақстанды 2021 жылы саяхаттауға арналған 21 дестинация қатарына қосқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button