Бағдат Мусин Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдары қарастырылып жатқаны жайлы жазды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Естеріңізде болса, мен наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын.
Нәтижесінде OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илон Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын», деп жазды ол.