EcoБасты

Маңғыстау облысында қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 39 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «Каспий Цемент» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Экология министрлігінің мәліметінше, ЖШС қондырғыны пайдалану кезінде тауарлық бетон өндіру үшін мемлекеттік экологиялық колооң қорытындысы мен рұқсатынсыз қоршаған ортаға шығарындылар тастаған.

Ұйым өз еркімен 5,5 мың тонна көлемінде пеш шаңы түріндегі қалдықтарды орналастырған.

Кәсіпорынға бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылды және 39 млн.теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Қазіргі уақытта, бұл сома мемлекет кірісіне өндіріліп алынды.

Экология департаменті нұсқаманы толық орындау үшін ерекше бақылауға алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button