Басты

Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс аяқталды

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық іс-әрекетіне қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбедегі филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені және бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпегендігі анықталды.

«Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен, ауылдық округтің әкімі, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-б. сәйкес (аса ірі көлемде алаяқтық) жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдалану арқылы көрсетілген қаражатты өз қажетіне жұмсағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды»,-делінген ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button