SocialБасты

Нұр-Сұлтандағы коммуналдық қызметтер паркіне жаңа жабдықтар әкелінеді

125 арнайы техника мен 100-ден астам қосымша жабдық елордадағы коммуналдық қызметтер паркіне әкелінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексердім. Коммуналдық қызметтер паркі тозғандықтан, техниканы жоспарлы түрде жаңарту қажет. Өткен жылы паркті 165-тен астам қысқы арнайы техникамен жаңарттық. Биыл маусымда тағы 125 арнайы техника мен 100-ден астам қосымша жабдық әкелінеді. Олардың қатарына самосвалдар, тиегіштер, тракторлар, жол машиналары, шағын тиегіштер, сыпыру машиналары және т. б. жатады.

Коммуналдық қызметкерлеріміз ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні жұмыс істейді. Олардың ауыр әрі маңызды жұмысының нәтижесінде қалада тазалық сақталып, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалады.

Өткен жылдан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы өсті, сыйақы енгізілді. Төтенше жағдай режимі мен карантин уақытында біздің қызметкерлер жұмысын жалғастырды. Коммуналдық қызметкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауды жалғастырамыз”, – деп жазды Алтай Көлгінов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button