Таиланд Конституциялық сотының басшысына Қазақстанның мемлекеттік наградасы табыс етілді
Қазақстан Елшісі Раушан Есболатова Таиланд Корольдігі Конституциялық сотының Төрағасы Воравит Кангсаситиаммен кездесу өткізіп, оның барысында оған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалін табыс етті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Jana-kezen.kz хабарлайды.
Жылы кездесу барысында Р.Есболатова Қазақстанда өтіп жатқан саяси өзгерістер мен реформалар туралы айтып берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелерін атай отырып, Елші сұхбаттасын ел экономикасының түрлі салаларын жаңғырту және мемлекетті одан әрі дамыту бойынша Президенттің Үкімет алдына қойған басымдықтары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, В.Кангсаситиам медальмен марапаттағаны үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдіре отырып, қағидаттары қабылданатын және нормативтік актілердің сапасына тікелей әсер ететін негізгі заңды терең түсінудің маңыздылығын атап өтті.
Тараптар дәстүрлі достық пен өзара қолдау негізінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту бойынша бірлескен жұмыстарға дайын екендіктерін білдірді.