Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп кетті. Ол бірнеше бөлікке бөлініп қалған, деп хабарлайды Sky News.
2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800 шаршы шақырымды құраған. Ал массасы шамамен бір триллион тонна болды. Алайда, соңғы спутниктік мәліметтер бойынша алып айсберг назардан жоғалып, еріп, ұсақ бөліктерге бөлініп қалған.
Алып айсберг Айсбергтер аллеясы атауымен белгілі ауданда бір орында қалқыған күйі шамамен бір жыл бойы қозғалмаған.
Алайда A68 уақыт өте келе, жылы су мен ауаның жоғары температурасы салдарынан көлемі азая түскен. Тіпті ұсақ бөліктерге бөліне бастаған.