SocialБасты

Әділет министрі мемлекеттік және ведомстволық награда иегерлеріне марапат табыстады

Әділет министрі Марат Бекетаев еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Министрлік пен ведомстволардың қызметкерлеріне, сондай-ақ шет елдердің өкілдеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларын табыстады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Оспанов мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен белгіленді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының басқарма төрағасының кеңесшісі Құлахмет Бекетов, Республикалық сот сарапшылары палатасының төрағасы Гүлнар Ертаева, Әділет министрлігінің Департамент директоры Дархан Игембаев, Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұқтыбаева, Әділет министрлігінің Департамент директоры Қасымқожа Өміров, Әділет  министрлігінің басқарма басшысы Салтанат Тұяқанова, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап, Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің бас маманы Шолпан Мырзабаева марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» Әділет  министрлігінің басқарма басшысы Талғат Әбубәкір, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бақтыгүл Әгілманова, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Татьяна Горичева, Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы Гүлжан Исмағұлова марапатталды.

Халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» ордені «Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP» фирмасының аға кеңесшісі Марк Хаммонд О’Донохьюға берілді.

Салтанатты жиынның соңында Әділет министрі құқықтық жүйені нығайтуға қосқан еңбегі мен үлесі үшін ұжымға алғысын білдіріп, денсаулық пен табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button