Басты

Қазақстандық-норвегиялық саяси консультациялардың үшінші раунды өтті

Бейнеконференция режимінде Қазақстан-Норвегия Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде екіжақты тректе, көпжақты форматта да саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Іс-шараның тең төрағалары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан және Норвегия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Аудюн Халворсен болды.

Келіссөздер барысында екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейтуді және парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруды қоса алғанда, өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы қаралды.

Консультациялар аясында COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл және екі ел үкіметтері осы бағытта қабылдап жатқан шаралар бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Келіссөздердің маңызды пункті сауда-экономикалық және инвестициялық күн тәртібін талқылау болды, оның шеңберінде тараптар көлік, логистика, геологиялық зерттеулер және энергетика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығын атап өтті.

Консультацияларда сондай-ақ БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар желісі бойынша екі елдің өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Консультациялар соңында тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button