SocialБасты

Еңбек инспекторлары 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button