USAID ЭНЕРГЕТИКА НАРЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ҚОЛДАНУҒА КЕЛЕТІН МОДЕЛЬДЕРІН ҰСЫНДЫ
11 ақпанда АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азияның энергетика министрліктері, энергетикалық компаниялар және энергия жүйесінің операторларына арнап семинар өткізді. Семинар мақсаты – аймақтық электр энергиясы саудасының артықшылықтарын талқылап, энергетика нарығының Орталық Азияда қолданысқа енгізуге болатын модельдеріне шолу жасау болды.
Семинарға қатысушылар нарық қағидалары мен сәтті әлемдік тәжірибе мысалдарын талдап, электр энергетикасы нарығының балама үлгілерін қарастырды. Талқылау барысында олар Орталық Азия энергетикалық жүйесінің артықшылықтары мен ерекшеліктерін ескерді. Қатысушылар ұсынылған тұжырымдамалар мен модельдердің Орталық Азия контекстінде қаншалықта қолданысқа ене алатыны жайлы болжамдарын жасады.
«Сіздер таңдаған модель келесі онжылдықта өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Ол энергия ресурстарының сауда көлемін арттыруға мүмкіндік беріп, аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал етеді”, – деп семинарды ашқан сәтінде USAID Орталық Азия миссиясының өңірлік директоры Крис Эдвардс атап өтті. “USAID энергетикалық нарықтың таңдалған моделін енгізу және жол картасын әзірлеуде Орталық Азия елдеріне көмек көрсетуін жалғастырады».
2019 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өзара түсіністік туралы меморандумдарға және/немесе Орталық Азия өңірлік электр энергиясы нарығын қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспарларына қол қойды. Осылайша, олар энергоресурстардың кеңейтілген сауда нарығын дамытуға дайындығын көрсетті. Сондай-ақ, аталған елдер USAID-тің қолдауымен техникалық, құқықтық және нарықтық мәселелер бойынша өңірлік жұмыс топтарын құрды. Өткен семинар Орталық Азия елдерінің нарықтық сұрақтар жөніндегі жұмыс тобының бірінші мәжілісіне айналып, өңірлік энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға жол ашты.
###
USAID ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздік пен өңірдің экономикалық өсуіне көмек көрсету үшін 2018 жылы Орталық Азияның электр энергиясы нарығын құруға көмек көрсете бастады. Өңірлік энергетикалық нарық Орталық Азия-Оңтүстік Азияның өңірлік энергетикалық нарығын кеңейту үшін платформа болып табылады, ол мейлінше кең экономикалық және әлеуметтік дамытуға қолдау көрсету үшін мейлінше ең арзан электр энергиясын пайдаланады. USAID ұзақ мерзімді мақсаты – Орталық Азияның барлық елдері үшін әділ және кезекті мәмілелерді; бірыңғай тиімділік стандарттарын; әділ және кемсітусіз баға белгілеу; және электр желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін интеграцияланған электр энергиясы нарығын құру. Қосымша ақпарат алу үшін www.ptfcar.org/carem парақшасына кіріңіз.
USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, сонымен қатар, тұрақты дамуға өз үлесін қосады. Толық ақпарат https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтында.