SocialБасты

Асқар Мамин әкімдерге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Әкімдер тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандырушы қорлардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету тиіс.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында тауарлар интервенциясын жүргізу үшін тұрақтандырушы қорлардың тиімді жұмысын қамтамасыз етсін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру бойынша жұмысты күшейтуі қажет», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр отандық кәсіпорындар тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ынталандыру бойынша қолда бар ревервтердің бәрін іске қосу керектігін қатаң ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button