«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде волонтер жылын табысты деп атады. Бұл туралы Jana-kezen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Бейне конференцбайланыс режимінде іс-шараға қазақстандық волонтерлер, ҮЕҰ өкілдері, жалпыұлттық волонтерлік жобалардың амбассадорлары, өңірлік волонтерлердің Фронт-офистерінің басшылары және орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Іс-шара аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау 16 номинация бойынша өткізілді. Аталған марапатты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және областар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері тапсырды.
«Үздік волонтерлік ұйым» номинациясы бойынша сыйлық Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірімділік көпірі» волонтерлік клубына, «Астана Добряков клубы» қозғалысына, «Агротехникалық колледж» МКҚК жанындағы «Әлем» волонтерлік жасағына берілді.
«Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» номинациясы бойынша сыйлық Шакимова Алтынгуль, «Жалын» Жанкелді аудандық Жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігіне, Турдиева Хамидаға берілді.
«Короновирустық инфекциямен күреске қатысу» номинациясында Муликова Томирис, Мерекова Асем, Серимбаева Данне, Базарбаева Айнұр марапатталды.
«Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары» номинациясы бойынша сыйлық Қуат Әмір, Балбаев Әбдімәлік, ENACTUS KAZAKHSTAN марапатталды.
«Үздік әлеуметтік көмекші» сыйлығына Амантаев Ербол, Беккужиева Ғалия, Есекешева Марал марапатталды.
«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында сыйлықтар «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігіне, Мақатов Дулатқа, Жапбасова Талшынға берілді.
«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша сыйлық «Павлодар қаласының VITA іздеушілері» ҚБ, Блац Дильмира, Асылбек Төлешовке берілді.
«Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясында сыйлықтар «Женский луч» қоғамдық бірлестігіне, Құспанова Мәдина, Темербаева Әселге берілді.
«Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында сыйлықтар Қазақстандағы Y-PEER, Парпиев Латиф, Джагупаров Александрге берілді.
«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясында сыйлық Ажимурат Санжар, Оразгалиев Арслан, Анарбаева Инессаға берілді.
«Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы бойынша сыйлықтар «Педагог академиясы» қоғамдық бірлестігіне, Рахаева Аина, Темірғали Маржанға табысталды.
«Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Таза Ойындар» ЖҚБ, «Эковолентер» жобасы, Хайруллин Арман марапатталды.
«Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясында сыйлықтар Багненко Зинаида, Чудобаева Талғат, Насыров Станиславқа берілді.
«Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша сыйлық «Ғылыми зерттеулерге жәрдемдесу қоры» Жеке қорына, Айсағали Сәдуақасовқа, Скендиров Айдынбекке берілді.
«Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинацияның сыйлығы Садыкова Асельге табысталды.
«Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша сыйлықтар «Біз біргеміз!» волонтерлік ұйымға, Саранова Данараға, Сиюов Сағатбекке, Космурзиева Гульназға табысталды.