2020 жылдың 3 желтоқсан күні Алматы қаласының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, «Алматы» ӘКК және Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған Алматының инвестициялық форумы 2020 онлайн форматта өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.
Мемлекеттік органдардың, банктердің, кәсіпорындардың, IT және инвестициялық компаниялардың өкілдері, түрлі қызмет саласындағы шетелдік сарапшылар Алматы инвестициялық форумының спикерлері болды.
Форумның басты мақсаты – коронавирус пандемиясына орай шағын және орта бизнестің қиын жағдайдан шығуының нақты көрінісін қалыптастыру және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу.
Форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 триллион теңгені ($ 3,5 млрд АҚШ долл.) құрайтын 55 меморандумға қол қойылды.