Қазақстанда ірі бизнестің «ғұмыры» ұзақ. Сектордағы компаниялардың 3,3 пайызы еліміздің нарығында ширек ғасырдан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
«Осы жылдың қаңтарында Қазақстанда 446,7 мың заңды тұлға тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 пайызға көп. Салыстыру үшін айтар болсақ, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 433,8 кәсіпорын тіркеліп, бір жылдағы өсім 5,1 пайыз болған еді. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған компаниялардың саны 308 мыңға жетті. Жылдық өсім бірден 10,1 пайызға артты. Құрылғанына бір жыл болмаған компаниялар саны – 36,1 мың. Ал бір жыл бұрын олардың саны 38,6 мың болған. Бір жылдан 5 жылға дейін жұмыс істеп тұрған компаниялар саны – 119,9 мың» делінген таратылған ақпаратта.
Finprom.kz мәліметінше, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған компаниялардың 19,3 пайызының құрылу тарихы 6-10 жылды, 14,6 пайызы 11-15 жылды, 9,3 пайызы 16-20 жылды, 5,2 пайызы 21-25 жылды құрайды. Шағын кәсіпорындардың тек 0,9 пайызы ғана еліміздің нарығында 25 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.
«Кәсіпорынның нарықта ұзақ уақыт жұмыс істеуі оның көлеміне байланысты екендігі анық байқалады. Айталық ірі бизнес сегментінде нарықта 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан компаниялардың саны 3,3 пайыз болса, орта бизнесте 2,5, ал шағын бизнесте не бәрі 0,9 пайызды құрайды», – деп атап өтеді Finprom.kz.