FinanceБасты

Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық жиын өтті

2020 жылғы 25-26 қарашасында ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы (АЖ/ТҚҚ) Халықаралық желілік институтының «Әлемдік және ұлттық қауіпсіздікті күзететін АЖ/ТҚҚ жүйесі: құқық, экономика синтезі және IT» атты VI жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Ә. Лесбеков, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

Конференция Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа (ЕАТ) мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері, ақшаны жылыстатуға қарсы халықаралық құрылымдардың, университеттер мен ғылыми ұйымдардың, құқық қорғау және қадағалау органдарының, сондай-ақ жеке секторларының бес жүзден астам өкілдерін жинады.

Қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады: «Ақылды» технологиялар, жасанды интеллект және ҚЖ/ТҚҚ мақсаттары үшін IT-қызметтері», «Сандық валюталар», «Пандемия кезіндегі жаһандық экономикалық тұрақтылық», «Бюджет қаражатын жұмсауды бақылау жүйесі», «ҚЖ/ТҚҚ жүйесінде транзакциялар жүргізгенде және шот ашудан бас тарту институты».

Конференцияның басты мақсаты ҚЖ/ТҚҚ жүйесін жетілдіру бойынша инновациялық ұсыныстарды іске асыруға ықпал ету және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін арттыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button