Елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллеяның ашылуы өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Ол әр жылдары Қазақстан Азаматтық альянсының Президенті, “Жасыл экономика” және G-Glolbal-ды дамыту Одағының басшысы ретінде жасыл технологияларды енгізу, экологиялық өндірісті жолға қою бойынша белсенді қызмет атқарған.
Эклогия, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аллеяның ашылуына министр Мағзұм Мырзағалиев қатысқан.
“Біздің Министрліктің қоғамдық кеңесінің төрайымы болған Салтанат Темірқұлқызы өзінің белсенділігімен қаншама жақсы істердің бастамашысы, жасыл экономиканың көшбасшысы ретінде есте қалады. Ол әрқашан бізге өзінің тасып тұрған энергиясымен қуат беріп, жаңа бастамаларға жетеледі. Оның бастап кеткен істерін жалғастыру жолында бәріміз атсалысып жұмыс істейік. Артында жақсы шәкірттері де қалды”,- деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев шара барысында.
Аллеяда 55 жасында өмірден өткен Салтанат Рақымбекованың құрметіне 55 ағаш отырғызылды.
Еске алу шарасына Экология вице-министрлері, комитет төрағалары, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткеркерлері қатысты.