Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үшінші тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) пайдалану фактілерінің жиілеуде екенін айтты. Бұл туралы Jana-kezen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2015-2018 жылдар аралығы кезеңінде 15 әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 640-бабы) 2019 жылы 52 іс тіркелді.
Ағымдағы жылдың 9 айында ЭЦҚ-ны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау бойынша шараларды сақтамаудың 5-тен астам жағдайы анықталды. Аталған фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.
«Соңғы кездері Министрліктің атына жеке және лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ – ны заңсыз беру фактілері бойынша көптеген материалдар мен шағымдар келіп түсуде. ЭЦҚ-ның қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең екенін және бірдей заңды салдарға әкеп соқтыратынын білу маңызды», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының өз ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан босатылған қызметкерлердің ЭЦҚ-сын кері қайтармайтын жағдайлары артты. Мұндай іс-әрекеттер ЭЦҚ-ны заңсыз қолдануға ықпал етеді. Бұл әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау мақсатында немесе кері жағдайда, бұзушы министрлік ретінде төмендегілерді ұсынады:
Біріншіден, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруді болдырмау. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлер үшін жеке ЭЦҚ беру.
Екіншіден, ұйымнан ЭЦҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалау және оларды ЭЦҚ-мен уақтылы кері қайтарып алу.
Үшіншіден, жоғалған жағдайда, алдыңғы ЭЦҚ-ны кері қайтарып алып, ЭЦҚ-ны дереу қайта шығару, сондай-ақ парольді стандарттан неғұрлым күрделіге ауыстыру.