EconomyFinanceБасты

Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында 1-орында

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведмоствоның мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші жан басына шаққанда 0,81 шаршы метрге жетті.

«Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және ол экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейде – 0,56 шаршы метр, Беларусь елінде – 0,45 шаршы метр, ал Өзбекстанда – бір адамға 0,36 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген», делінген хабарламада. Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бастап өлшеніп келеді және Қазақстан екінші жыл қатарынан ТМД елдері арасында көшбасшы болды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының шеңберінде халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын жасау, тұрғын үй қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары», – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button