EconomyБасты

Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

Соңғы 5 жылда елді мекендерді газдандыруға бөлінген қаражат көлемі 5,4 есеге ұлғайды. Бұл елді газдандыру деңгейін 8%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

2021 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен 146 жобаны іске асыруға 51,3 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа осы жылы 46 жобаны аяқтап, нәтижесінде 1,8 мың км газ желілерін салу жоспарлануда.  Бұл елді газдандыру деңгейін 55 пайызға  жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша 10 388 мың адам газға қол жеткізетін болады.

Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері газсыз қалып отыр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған өңірлерді газдандырудың келесі нұсқалары қарастырылуда:

– «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру;

– Ресей Федерациясынан магистральдық газ құбырларын салу.

Сондай-ақ тұтынушылардың табиғи газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабу үшін әртүрлі кезеңдерде мынадай газ тасымалдау жүйесін салу жобалары бар:

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін салу;

«Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісін салу; «Бұхара-Орал» газ құбырынан Ақтөбе қаласына дейін газ бұру құбырының үшінші желісін салу және тағы басқалары.

Газдандырудың жедел қарқыны 2025 жылға қарай еліміздің 11,05 млн тұрғынын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал 2030 жылы 13,5 млн адам немесе еліміздегі халық санының 65%-ы табиғи газға қол жеткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button