Басты

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті

26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде онлайн-форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Н.Микаелян, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Е.Үйсімбаев, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Е.Шәуенов, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік медиация орталықтарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамыту, этносаралық шиеленістерді шешудегі медиацияның рөлі, отбасы-тұрмыстық дауларлы (шиеленістерді) шешудегі медиацияның заманауи мүмкіндіктері және т.б. мәселелер талқыланды.

Отырыс нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің жаңа құрамы бекітілді және Медиация кеңесінің ережесі қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button