Басты

Қазақстандан ішкі істер органдарының 559 қызметкері COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтуынша, қазір 179 қызметкер емделіп жатыр.

«Иә, бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен бөлек қауіп тобында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де бар. Себебі блокбекеттерде жеті мыңға жуық қызметкер тұрды. Одан бөлек адам көп жиналатын орындарда жаяу жүретін наряд болды. Тікелей қарым-қатынас жасады. Сондықтан біз қауіп тобында қалдық. Ішкі істер органдарының 589 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. 419 адам аурудан айықты, 179 адам карантинде, емделіп жатыр. Қайтыс болғандардың ішінде жоқ», – деді министр ОКҚ онлайн-брифингте.

Айта кетейік, бүгін Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуін онлайн өткізіп, тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button