ӘлемБасты

Pfizer COVID-ке қарсы таблетка жасап шығарды

Pfizer фармацевтикалық компаниясы АҚШ билігінен шұғыл жағдайда «Paxlovid» коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі препаратты қолдануға рұқсат сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Препарат аурудың жеңіл және орта деңгейлі формасын емдеуге арналған.

«Paxlovid» препараты мақұлданса, SARS-CoV-2 вирусына қарсы жасалған  алғашқы ішу арқылы қабылданатын дәрі болмақ», – делінген компания сайтындағы хабарламада.

Сынақ барысында таблетканың тиімділігі жоғары екені анықталған. Ол ауру салдарынан аурухана түсу және өлім деңгейін 98% төмендеткен.

Айта кетсек, қазіргі таңда Pfizer Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина өндіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button