Мемлекеттік органдар үшін вебинар өтті
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматы қаласының ЮНЕСКО және Қазақстандығы БҰҰДБ-мен бірлесіп, мемлекеттік органдар үшін (Қаржы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері және Нұр-Сұлтан қ.әкімдігі) ақпаратты бастамашылық ашу бойынша вебинар өткізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вебинар жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Орнықты даму мақсаттарының (16.10) көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Вебинардың міндеті – Орнықты даму мақсаттарының және пандемияға қарсы шаралар туралы хабардарлықты арттыру, ақпаратты белсенді түрде ашу әдістерін үйрету.
ЮНЕСКО өкілдері ақпаратқа қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі заңнама саласындағы әлемдік үрдістерге шолу жасады.
Сондай-ақ, ҚР АҚДМ Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті директорының орынбасары Нұркишева Елмира ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.