SocialБасты

Есеп бергенде қызметкерлердің санын көрсетпейтін жұмыс беруші олардың құқығын бұзады

Жұмыс беруші қызметкерлер үшін уақытылы аударымдар жасамаған жағдайда, ол олардың құқықтарын бұзады. Өйткені бұл зейнеткерлік өтілін және зейнетақының мөлшерін анықтауға, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басқа шараларына әсер етеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс берушілер жеке табыс салығы бойынша декларациясында қызметкерлердің толықтай көрсетілуіне автоматтандырылған бақылауды бастады. Бұл рәсім ҚР электрондық еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек келісімшарттары негізінде жүзеге асырылады.

Сондықтан, Мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігінде барлық қызметкерлерді, олардың нақты кірістерін және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударымын толық көрсетілу қажеттігін еске салады.

Тек биылдың өзінде жұмыс берушілерге 706 мың қызметкерге қатысты 46 мыңға жуық бұзушылық туралы хабарлама жолданды.

Атап айтқанда, 41 мың жұмыс беруші өз қызметкерлерін көрсетпейді,
5 мың жұмыс беруші 150 мың жұмыскерді салық есептілігінде көрсетпей тапсырады.

Еске сала кетейік, экономиканың жекелеген салалары үшін 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалақы қорынан жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату енгізілген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button