SocialБасты

Қазақстанда мал басы мен құс саны тұрақты түрде өсіп келеді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Сала басшысының айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара саны 7,8 млн басқа жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5,6%-ға артық. Қой мен ешкі басы 4,7%-ға, жылқы 10,1%-ға, түйе 5,2%-ға өскен.

Соған сәйкес, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де артқан. Ет 4,3%-ға және сүт өндірісі 3,2%-ға өскен.

«Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдері импортын алмастыру аясында елімізде 48 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Бұл сүт зауыттарының жүктемесін 77%-ға дейін арттыруға, ал сүт өңдеу көлемін 1,8 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, 3 ет комбинаты іске қосылды. Осының арқасында ет өңдеу көлемін 151-ден 166 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды.

Бұған қосымша 8 құс фабрикасы іске қосылды. Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда құс етін өндіру көлемі өткен жылы 222,7-ден 235,3 мың тоннаға дейін ұлғайды», – деп хабарлады С.Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button