EducationБасты

Қарағандылық оқушы Әзірбайжанда өткен халықаралық олимпиада жүлдегері атанды

Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Рамазан Кернебай түрлі елдерден жиналған 400 өкілдің ішіндегі ең үздіктерінің бірі болды. Карантиндік шектеулер үшін Әзірбайжандағы олимпиада онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Сайыс екі кезеңнен құралды. Біріншісінде информатика есептерін шешу қажет болды, екіншісі логика жаттығуларына арналды.

– Олимпиада кезінде ешқандай жеңілдік болған жоқ, – дейді Рамазан. – Жан жағымыздан камерамен түсіріп отырды. Әр кезеңге төрт сағаттан берілді. Маған жеңіске жетуіме көмектескен және қолдау көрсеткен мұғалімдерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Рамазан Кернебай 9-сыныпта оқиды. Ол көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазір жасөспірім екі олимпиадаға дайындалуда – халықаралық және республикалық.

Биыл Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері 70 олимпиадаға қатысты, оның 40-ы халықаралық деңгейде өтті. Оқу ордасы ЮНЕСКО құрамына кіреді. Бұл оның оқушыларына түрлі халықаралық жарыстарда өз күштерін сынап көруге және олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button