Басты

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция режимінде өткен Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық одақтың сыртқы саяси ведомстволары басшыларының 16-шы кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz. министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЕО делегациясын Еурокомисияның Вице-президенті және ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл басқарды.

Бейнеконференция барысында тараптар өңіраралық және жаһандық ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде COVID-19 пандемияның келеңсіз салдарын еңсеруді, өзара сауда мен инвестицияның қарқындарын қалпына келтіруді, өңірдегі ЕО бағдарламалық қызметінің басымдықтарын, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шараларға дайындалу барысын талқылады.

Қатысушылар денсаулық сақтау, экономика, ғылым, технологиялар және инновациялар, адам құқықтарын қорғау мен заң үстемдігі салаларында өзара ықпалдастықты кеңейтуге, терроризм мен экстремизм, заңсыз есірткі айналымына қатысты өңірлік қауіп-қатерлерді бірге еңсеруге, шекараларды басқару мен құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ауған проблемасының шешу жолдарын бірлесе пысықтауға өзара мүдделілігін растады.

Сондай-ақ, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды бірлесіп басқару, экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, Орталық Азия өңірінің тұрақты даму мәселелері қозғалды.

Кездесудің нәтижесі бойынша Бірлескен коммюнике қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button