EconomyБасты

Елдегі компаниялар 4 айда 36,5 млн. тонна көмір өндірген

Елдегі көмір өндіруші компаниялар 4 айда 36,5 млн тонна көмір өндірген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

«Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша көмірді тұтыну көлемі шамамен 10 млн тонна болды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, халыққа 7,2 млн тонна бағытталды. Көмірмен қамтамасыз ету көлемі 100% құрады», – деді министр.

Сонымен қатар ол алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатырғанын айтты. Оның айтуынша, көмір тапшылығы болмауы тиіс

«2020 жылы жоспар бойынша (көмір концентратын есептемегенде) 107,2 млн тонна көмір өндірілді. Елдің ішкі нарығында энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% артық (57,3 млн. тонна). Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір бағытталды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа деп 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн. тонна көмірді құрады. Жалпы алғанда, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button