EducationБасты

Қарағанды университеттері Француз жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытатын болады

Қарағандыға Қазақстандағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Орта Азияның Француз Альянстары желісінің үйлестірушісі Вивьен Фуке келді. Қонақтар медицина университетінде және Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде болды.  Кездесулерде Француз жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Қарағанды медицина университетінің Пуатье Француз университетімен серіктестігі бар. Алты жыл бұрын жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Содан бері оқытушылар мен студенттер алмасуда. Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде 18 қарағандылық тағылымдамадан өтті.

Байланыстарды нығайту және кеңейту «Эразмус+» халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы, сондай-ақ «Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы бойынша мүмкін болады. Кездесуде Кот д’Азур университетімен (Ницца) гинекология және онкология саласында, Франш-Конте университетімен (Безансон) биоинженерия саласында өзара іс-қимыл жасау нұсқалары туралы айтылды.

Делегация өкілдері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Шет тілдер факультетінің жұмысымен танысты. Ректор Нұрлан Дулатбековпен кездесуде ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты. Университет Қарағандыда белсенді жұмыс істейтін «Француз альянсына» қолдау көрсетеді. Серіктестік нығая түспек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button