EducationБасты

Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 – 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 – 20 тамыз аралығында қабылданады.

3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандары 4 – 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button