Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математикалық олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Румыния елі ұйымдастырған олимпиада 31 қазан мен 5 қараша аралығында қашықтан өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18 елінен 154 оқушы қатысып, бақ сынасты. Балқан математикалық олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 6 оқушы қатысты.
Балқан математикалық олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан Олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.
37-ші Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ұлттық құрама команда екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды:
- Олжабаев Асылбек;
- Сатыбалдин Таир;
- Бектемісов Темірлан;
- Сакенов Батырхан;
- Тен Юрий;
- Сам Фетуллах.