Басты

Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

Шығыс Қазақстанда ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды. «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асқан жоба Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы бойындағы сауда үйінің қабырғасына бейнеленген, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Муралда ақынның «Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды» деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button