Басты

Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен келдi

Бұл жайында өз парақшасында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жазды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Ауыл тұрғындарына жағымдық жаңалық. Бүгiн бiздiң облысқа 8 жылжымалы медициналық кешен келдi. Олар аудандарға жiберiледi», — деп жазды өңiр басшысы.⠀

Көшпелi кешенде 7 кабинет бар. Дәрiгерлер қабылдау өткiзiп, анализдер қабылдайды. Ауылдықтар УЗИ мен ЭКГ тексерiсiн өте алады. Кешенде рентген аппарат орнатылған. Акушер-гинеколог кабинетi, зертхана мен дәрiхана пунктi де бар.⠀

«Дәрiгерлер шалғайдағы ауылдарға барып, тұрғындарға жан-жақты медициналық көмек көрсетедi. Скринингтер мен тексерулердiң арқасында ауруларды бастапқы кезеңде анықтап, тиiмдi емдеу жүргiзiледi. Ауыл тұрғындары уақыты мен қаржысын үнемдейдi. Ең бастысы, уақтылы әрi сапалы медициналық көмектiң арқасында денсаулығын сақтайды», — дедi Құмар Ақсақалов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button