Басты

Saryarka онлайн спартакиадасы қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында қалалар мен аудандар арасында Saryarka онлайн-спартакиадасының жабылуы өтті. Биылғы жылы қатысушылардың рекордтық саны тіркелді – 4 853. Біріншіліктің финалына 1 363 адам өтті. Ең жас спортшы 10 жаста, ал ең үлкені – 80 жаста. Спартакиада осындай ауқымдағы Қазақстандағы жалғыз онлайн-іс-шараға айналды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

– Бұл жарыстардың ерекшелігі, әдеттегіден көп қатысушылар болуында. Егер бұрын тек 1 500 адам қатысқан болса, бұл жолы – 5 мыңға жуық қатысушы тіркелді. Аудандар мен ауылдық округтер белсенді болды. Біз халық пен жастарды бұқаралық спорт түрлеріне жұмылдырып, жұмыс істеу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек, – деп атап өтті Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.

Жарыс 14-18 қазан аралығында шахмат, дойбы, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, күш гимнастикасы, пауэрлифтинг, футбол және гір спорты бойынша өтті.

Қалалар арасында командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 – Қарағанды; 2 – Шахтинск; 3 – Теміртау.

Аудандар арасында Абай көш бастап тұр, одан кейін Нұра және Шет ауданында 3-ші орын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл Шахтинск қаласының спортшылары ерекшеленіп, олар бірінші рет екінші орынға ие болды.

– Жарысқа 90-ға жуық спортшы қатысты. Биылғы спартакиаданың ерекшелігі – жалпы білім беретін мектептердің 10 және одан жоғары жастағы оқушылары тартылды. Шахтинск аймағында спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар жасалуда, – дейді Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анарбек Жүнісов. – Биыл Новодолинка кентінде футбол алаңы пайдалануға берілді, Шахандағы стадионға күрделі жөндеу жүргізілді. ДШСК құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы ол аяқталуы тиіс.

Жүлделі орындарға ие болған қалалар мен аудандардың командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталды. ДШСБУ-да әр түрлі өңірлердің өкілдеріне жергілікті жерде наградаларды тапсыру үшін жеке есепте үздік болған спортшылардың грамоталары мен медальдары тапсырылды. Спартакиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button