«Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді», – деп жазды министр Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігі аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасаған.
«Енді 100 пайыз мемлекеттің меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды. Демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады. Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралады. Егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.