Елордалық еріктілерге үздік бастамалары үшін гранттар берілді
Бүгін ҚР Ұлттық музейінде «Волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған» шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Елімізде ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланды. Еріктілердің қоғам үшін атқарған еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Тек осы жылдың өзінде елордалық еріктілер Арыс пен Мақтаарал ауданын қалпына келтіруге көмектесті, пандемия кезінде мұқтаж жандарға бетперде, гигиена заттарын, азық-түлік жиынтықтарын таратты, бұған дейін Қазақстан астанасында өткен халықаралық іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.
«Еріктілердің бастамасын қолдау мақсатында гранттар ұйыдастырған болатынбыз. Комиссия 200-ден астам жобаларды қарап шықты. Сондай ерекше бастамалардың бірі – Лидер.кз ұсынған жоба. Волонтерлық ұйым жоғалған адамдарды іздейді. Іздеу жұмыстары үшін оларға дрон, тепловизор, 3км-ге дейінгі аралықта орын көрсететін рация сияқты көмекші құралдар керек. Осы секілді көп жақсы жобалар келді. Алдағы уақытта волонтерлер өздерінің игі істерін жүзеге асырады деп ойламыз», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған 22 волонтерлік ұйым 300 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды. Басқарма басшысының айтуынша, бұл мақсатқа 6 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Волонтерлік ұйымдар алған қаржылық көмекті өз жобаларын одан әрі дамыту үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды сатып алуға бағыттауы тиіс.
«Жоба жайлы естіп, мекеменің атынан қатысуды жөн көрдім. Бас жүлде, ең жоғарғы ұпай жинадық. Бүгін біз жас болсақ, ертең біз де қартаямыз. Сол кезде жастар да бізге көмек көрсетеді деп сенемін. Үлкен қаражат беріліп жатыр. Бұл сомманы созылмалы аурумен ауыратын қарияларға көмектесуге жұмсайтын боламыз»,-деді Гүлназ Нұржанова.
Шағын грант иегерлерінің тізімі:
⁃ Нұржанова Гүлназ – «Карантин кезінде созылмалы аурулары бар қарт адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету» жобасы;
⁃ Тулешева Амина- «Найди меня» іздестіру-құтқару жасағы;
⁃ Тілеубек Нұридін – «Қарт адамдарға Мобильді көмек» жобасы;
⁃ Жібек Шахмарданқызы – «Аналар үйіндегі жас аналарға психологиялық және материалдық қолдау көрсету» жобасы;
⁃ Үмбетова Нұрдана – саз терапиясы;
⁃ «Қаржы академиясы» – «Жақсылық жаса» қайырымдылық жобасы;
⁃ Мырзагелді Сұлтан Бейбарыс – «Көп балалы отбасылардан шыққан балалардың компьютерлік сауаттылығын дамыту» жобасы;
⁃ Сәлімгереев Аян – «Жан жылуы» қайырымдылық жобасы;
⁃ Тултаева Ольга – волонтерлік жұмыс аясында хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру, туыстық байланысын жоғалту бойынша қызметтер көрсетілді. Полиция қызметкерлерімен қаланың құқықтық тәртібіне шығу (бетперде тарату, құқық бұзушылықтарды анықтау) жүзеге асырылды);
⁃ Қарабеков Ағабек-Жәрдем (көмек);
⁃ Шаримов Алпамыс-TAZALIKE жобасы
⁃ Өмірбай Мөлдір – «Жүректі сақта!» жобасы;
⁃ Жақсыбекова Аягөз – ЭКСПО-2017 еріктілер штабы;
⁃ Төлешев Райымбек-Sheksiz orta әлеуметтік хостелі;
⁃ Есембаева Адэма-қолайсыз, көп балалы балалар, сондай-ақ интернаттық мекемелердегі балалар арасында футбол чемпионатын ұйымдастыру;
⁃ Бапанова Әйгерім- OQU TODAY жобасы;
⁃ Бекежан Айдана-Bilim All жобасы;
⁃ Әлижан Тұрсынтай-Barshaga Saýlyq жобасы!;
⁃ Мұрат Жәңгір – «Клаб Юнион» клубы;
⁃ Нематулла Балжан – «Дәрігер кеңесі” ;
⁃ Шут Полина – үйсіз жануарларға көмектесу үшін қайырымдылық концерті;
⁃ Бексырғаұлы Керім-каратэ-до техникасына, гитарада ойнауға және массаж жасауға үйрету.