SocialБасты

Alibaba платформасында – қазақстандық компаниялар

Alibaba интернет сауда дүкенінде қазақстандық компаниялардың саны арта түспек. Осыған байланысты өтініштерді іріктеу басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Министрлік «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 7-8 қазан күндері өз тауарларын Alibaba.com интернет-платформасында ұсынғысы келетін отандық компаниялар үшін екі оқыту вебинарын өткізеді.

Ведомство жаңадан бастаған және тәжірибелі кәсіпкерлерге интернет-дүкендерінде отандық тауарларды іл­­гері­летуге байланысты белсенді қолдау көр­сетіп келеді. Вебинарлар аясын­да қазақ­стандық өндірушілерге Alibaba алаңын­да тауарларды әлемдік нарық­қа тиімді экс­порттаудың жолдары көрс­е­тіл­мек. Электронды коммерцияның артық­шылығы – қа­шықтағы елдерді жақын­датып, транс­шекаралық сауда процесінің арзан болуына септігі мол.

Сондай-ақ оқыту курсында 50 қа­зақ­стандық компанияны Alibaba-ға шығаруға қатысты бағдарламаның екінші кезеңі басталғаны туралы айтылды. Бірінші кезеңде ескерсек, аталған сауда алаңындағы компаниялардың санын тұтастай 100-ге жеткізу көзделіп отыр. Вебинарға 150-ден астам фирма қатысып жатыр.

Отандық компаниялардың өсуіне байланысты танымал ғаламтор дүкенінде Қазақстан павильоны құрылады деп жеткізді ведомство өкілдері.

Қазақстандағы бағдарламаның операторы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ. Өтініштерді онлайн-қабылдау export.gov.kz порталында 17 қазанға дейін жүргізіледі.

Тамыз айында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның 43 компаниясы Alibaba-да 20 млн теңгеге сауда жасап, 500 өнім түріне сұраныс алғанын айтқан еді. Ол «Алтын тасымалдаушы» мәртебесін иелену үшін бұл нарыққа 100 компанияны шығару керек екенін жеткізді.

«Әзірге сатылып жатқан өнім көлемі аз. Бұл көбінесе халық жиі тұтынатын тауарлар», деді Б.Сұлтанов.

Салалық министрлік Alibaba, eBay сынды халықаралық электронды сау­да алаңдарында қазақстандық тауар өндірушілердің санын көбейту үшін 2019 жылы «интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасын іске қосты.

Alibaba – әлемдік интернет-сауданың көшбасшысы саналады. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, табысы 570 млрд долларға жеткен қытайлық сауда алаңы, дүние жүзіндегі импорттаушы­лар мен экспорттаушыларға бизнес ақпа­рат­пен алмасуға және көтерме сауда келі­сім­шарттарын жасауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button