БҚО-да карантин тәртібін бұзғандар жайлы хабарламаға сыйақы тағайындалды
Батыс Қазақстан облысында карантин талаптарын бұзу деректері туралы хабарлаған адамдарға сыйақы қарастырылған, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Соңғы бір ай ішінде полиция қызметіне заңсыз өткізілген жиын-тойларға қатысты 24 мәлімет келіп түсті. Тәртіп сақшылары Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарымен бірлесіп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде әзірге 8 дерек расталды. Карантин ережелерін елемеген той-думан иелері мен ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Кәмшат Серікқызы, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы:
– Ол туралы тиісті құжаттар жинақталды. Жиын-тойлар тойханалармен қатар, коттедждерде де өткізілгені анықталды. Бір адамға 10 АЕК сыйақы тағайындалды.