Басты

Демалыс күндері еліміздің батысында нөсер жауын жауады

22-24 тамыз күндері еліміздің батысында және оңтүстік-батысына қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын жоғары циклон анықтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр болады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, дауыл соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасына келетін болсақ, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Кей жерлерінде 28 градус жылы болады деп болжанған батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button