PoliticsБасты

Рахат Тоқбаев ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастады.

1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді.

1998-2001 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

2007-2013 жылдары — Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

2013-2021 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button