Нұр-Сұлтанда қашықтан оқитын 5 оқушыдан коронавирус анықталды
Жаңа оқу жылы басталғалы елордада мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», – деді Пралиева баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, байланыста болған адамдар тексеруден өткен.
«Барлығында індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфекция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», – деді ол
Сонымен қатар, Ж. Пралиева мектеп мұғілімдері арасында коронавирус жұтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.