Басты

Асхат Аймағамбетов COVID-19 індетіне қарсы отандық вакцинаны салдырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Клиникаға дейінгі зерттеудің нәтижесін күнделікті алып тұрдым. Вакцина сараптамасының нәтижесі мен тиімділігін көріп, өзіміздің отандық вакцинаны ектіруді жөн деп шештім. Одан бері біраз уақыт өтті. Өзімді жақсы сезініп жүрмін, ешқандай катаралдық белгілер байқалмады, температурам да көтерілмеді», – деді А. Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері шетелде де қолданылып жүр.

«Зерттеушілер жылдар бойы инфекциялық ауруларға қарсы вакцина әзірлеп, енгізіп жүр. Ол елімізбен қатар шетелде де белсенді қолданысқа ие», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button