Басты
«Үздік педагог» республикалық конкурсы басталды
«Үздік педагог» атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Биыл «Үздік педагог» конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады.
9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн», деп жазды вице-министр.