Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуында жеңіске жете алмады
Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық America’s Got Talent байқауында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
America’s Got Talent байқауының биылғы жеңімпазы Брендан Лик атты өнерпаз болды. Лос-Анджелесте өткен шоудың ақтық сынына 10 әртіс қатысты, олардың алтауы әр түрлі жастағы вокалистер. Байқау жеңімпазына 1 млн доллар жүлде табысталды. Дауыс беру нәтижесі конкурстың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Еске сала кетейік, 14 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Sia атты әншінің «Alive» әнін орындаған еді. Ол Америкада бір тәулікке созылған дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарына енді. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен бірге «Golden buzzer»-дің екі иегері бар. Олар қазылар алқасының арнайы қолдауына ие болды. Алайда көрермендер қазақстандық әнші Данэлияны қолдады.