Басты

Тұрғын үйлерді басқару туралы сұрақтарды Suraqtar.kz платформасында коя аласыз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, енді МИБ (мүлік иелері бірлестігі) немесе ЖС (жай серіктестік) құру бойынша туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін азаматтар Suraqtar.kz порталы арқылы ТКШ орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

ТКШ орталығымен және коммуналдық қызметтердің мамандары өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес басқарудың жаңа түрлерін еңгізу бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын. Сонымен қатар, Suraqtar.kz порталында азаматтар «өзекті сұрақтар мен жауаптар» арасында жиі қойылатын сұрақтарға дайын жауап ала алады.

Suraqtar.kz – мемлекеттік қызметтер мен түрлі өмірлік жағдайлар бойынша сұрақтарға жауаптар алатын алаң. Платформа ТКШ орталығымен тұрғын үй қатынастары саласындағы реформаны жүзеге асыруға байланысты жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда жаңа формат онлайн режимінде тұрғындар мен қоғамның сұрақтарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button