EcoБасты

«World cleanup Day» акциясы өтеді

Қазақстанда 19 қыркүйекте «World cleanup Day» акциясы, яғни «Бүкіләлемдік тазалық күні» өтеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тазалық акциясы әлемде 12 жыл қатарынан өтіп келеді. Өткен жылы 169 мемлекеттің еріктілері қатысып, өздері тұратын өңірдің көшелері мен саябақтарын, өзен-көлдері мен ормандарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтан тазартуға атсалысты.

«Биыл «Бүкіләлемдік тазалық күні» жалғасын табады. Барша қазақстандықтарды жаһандық акцияға қатысып, еліміздің тазалығына үлес қосуға шақырамыз»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button