Медиаконтентті өндіру мен таратуда технологиялық саясатты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі К.Б. Ойшыбаевтың төрағалығымен ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша құрылған Медиаконтентті өндіру мен таратуда технологиялық саясатты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Жұмыс тобы Қазақстанда медиаөлшеулерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ ғаламторда теледидарды дамыту бойынша пайымдаулар жасауға арналған»,- деліген министрліктің хабарламасында.
Жұмыс тобының құрамына жетекші отандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, сондай-ақ телекоммуникация саласындағы сарапшылар мен медиасараптамалар кірді.
Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған кеңесте жеке және мемлекеттік БАҚ пен сарапшылардың ұсыныстары тыңдалды.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша министрлік халықаралық тәжірибе мен жұмыс тобының қатысушылары айтқан пікірлерді ескере отырып, нақты ұсыныстар дайындайды