EducationБасты

Алексей Цой: Бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтау қажет

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушыларын бірінші тоқсанда қашықтан оқытуды ұсынды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашуымыз сәтсіз тәжірибе болды, онда коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты. Яғни, біз үшін еліміздегі қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды. Балалар арасында ауруды таратып алмау керек. Қашықтан оқыту шарасы уақытша екенін тағы да айта кетейін», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан күндері жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғап қалады.

«Сондықтан, мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес береміз. Әрі қарай топтасқан ұжымдарда қанша науқас шығатынын зерттейміз және бұл мәселені ведомтсвоаралық комиссияға шығарып, мәселені қосымша қарастырамыз», – деді А. Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button