Басты

Fly Arystan әуе кемесіндегі ақаулықтар дер кезінде шешімін тапты

Fly Arystan әуе кемесіндегі ақаулықтар дер кезінде шешімін тапты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

7 қыркүйек күні Fly Arystan әуе компаниясының Атырау – Алматы бағыты бойынша ұшу кезеңінде «авиациялық әуе клапаны істен шықты» деген дабыл қосылды.

Экипаж барлық тиісті әрекетті жасағанымен, ұшудағы ақаулықты қалпына келтіре алмады. Мұндай жағдайда әуе кемесі ұшу эшелынан он мың футтан аспайды.

Осыған байланысты ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылданып, ұшақ штаттық режімде қондырылды.

Инженерлік-техникалық құрам деактивациялау әрекеттерін орындаған соң, әуе кемесі Алматы қаласына қайта ұшты.

«Аталған оқиға тексеруге жататын авиациялық инциденттер тізбесіне жатпайды (авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларының 25 және 26-қосымшалары)», дейді авиация өкілдері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button